+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Коронавируспен күрес тақырыбында шығармашылық байқау жарияланды

2020 жылғы 28 қазан 17:45
Бөлісіңіз:
Коронавируспен күрес тақырыбында шығармашылық байқау жарияланды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Saryarqa Aqparat» медиахолдингі Қарағанды облысының жетекші БАҚ өкілдерімен бірлесіп «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қолдауымен коронавируспен күрес тақырыбындағы үздік үгіт-насихат материалдарына байқау жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус пневмониясы: Бір күнде 204 адам ауруға шалдығып, 4 науқас көз жұмды Елімізде 701 науқас коронавирустан жазылды Қысқы қолғап коронавирустан қорғай ма

Байқауға Қазақстанның кез келген тұрғыны қатыса алады. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстарды кез келген түрде – видео, фото, сурет, коллаж, графикалық дизайн, өлең, ән т.б. беруге болады.

Байқау 2020 жылғы 1-25 қараша аралығында өткізіледі. Байқау қорытындысы 26 қарашадан 29 қарашаға дейін шығарылады. Жеңімпаздар 30 қарашада жарияланады. Әр номинация бойынша 5 жеңімпаз анықталады. Жалпы 4 номинация бойынша 20 жеңімпаз таңдалады. Жеңімпаздардың әрқайсы 50 000 теңгеден ақшалай сыйақымен марапатталады.

Жеңімпаздар 30 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Life.09_ Instagram парақшасында жарияланады.

Қатысушы әртүрлі номинацияға түрлі жұмысын жібере алады. Бір қатысушының бірнеше жұмыс ұсынуына шектеу жоқ.

Конкурс 4 номинациядан тұрады:

ВИРУСҚА ҚАРСЫ ҮЗДІК БЕЙНЕРОЛИК

Аталған номинацияға коронавируспен күреске бағытталған бейнероликтер ұсынылады. Роликтерді қазақ немесе орыс тіліндегі мәтінмен беруге болады. Роликтің ұзақтығы 120 секундтан аспауы тиіс.

ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

Бұл номинацияға шағын және орта бизнес өкілдері, яғни кәсібі тікелей тұтынушылармен тығыз байланысты – кафе, мейрамхана, кинотеатр, сауда орындары, дүкендер мен өзге де мекемелердің иелері қатыса алады. Қатысушылар байқауға роликтер, посттар, тик-токтар және өз кәсіпорнындағы санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын баяндап, жұртты сақтануға шақыратын өзге де материалдарды ұсынады.

АНТИВИРУС БОЯУЛАРЫ

Аталған номинацияға 5 жастан 10 жасқа дейінгі балалар коронавируспен күрес тақырыбындағы суретін жолдай алады.

БЕТПЕРДЕ КИГЕН АДАМ

Бұл номинацияға кез келген жерде (көлік, емхана, жұмыс орны, жеке автокөлік, вокзал, көшеде) сақтық шараларын сақтауға шақыратын түрлі материалдар қатысады. Жұмыстарға қосымша автор өзінің және айналасындағы адамдардың бетперде киген, қашықтық сақтаған, антисептик қолданып жатқан фотосын (бірнеше фотоға рұқсат) қоса жолдауына болады.

Материалдар #АнтиКовидKrg хэштегімен жариялануы керек.

Байқауға қатысушылар жұмыстарын Instagram, Facebook және т.б. әлеуметтік желілердегі парақшаларында өзі қатысатын номинацияны көрсете отырып, қазақ немесе орыс тілінде аталған хэштегімен жариялайды. Сондай-ақ, Life.09_ Instagram парақшасына жазылып, сілтеме жасауы шарт. Конкурс өткізу кезеңінде қатысушылардың жеке парақшалары ашық болуы тиіс. Үміткердің байқауға қатысқанын жіберілген материалдың Life.09_ парақшасы сторисіне жариялануы нақтылайды.

Сұрақтар бойынша осы нөмірге хабарласуға болады: 8701-427-75-20

Конкурстың жеңімпаздарын арнайы құрылған комиссия анықтайды. Жұмыстарды бағалау кезінде мазмұндық және техникалық сапасы ескеріледі.

Мазмұндық бағалау талаптары:

- жұмыстың ұсынылған тақырыпқа сәйкестігі;

- тақырыпты ашудың дәйектілігі мен тереңдігі және айқындығы;

- материалдың креативтілігі (идеяның жаңалығы, бірегейлігі, терең ойлау қабілеті);

- бірегейлігі.

Техникалық бағалау талаптары:

- видеотүсірілім, фото, графикалық және өзге де материалдардың сапасы;

- эстетикалық нормаларға сай болуы.

Жүлдегерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия құрамы:

1.«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимыл қызметінің басшысы, комиссия төрағасы Аслан Талғатбекұлы Абжаков.

2.«АрселорМитталТеміртау»АҚ бас директорының қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі, комиссия төрағасының орынбасары Алексей Николаевич Агуреев.

3.«Saryarqa aqparat»ЖШС директоры Қамбар Жұмағалиұлы Ахметов.

4.Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнұр Қанатханқызы Әбдиева.

5.«Екараганда» АА директоры Сергей Павлович Забурдяев.

6.Қазақстан Журналистер одағы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Жәнібек Махмұдұлы Садықанов.

7.«Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Серік Мәлібекұлы Санаубаев.

8.«Новое телевидение» телеарнасының директоры Руслан Иосифович Никонович.

9.Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айгүл Сансызбайқызы Шәтекова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT