USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Коронавируспен күрес шараларын қайта қарау керек – Президент

2021 жылғы 10 шілде 14:37
Бөлісіңіз:
Коронавируспен күрес шараларын қайта қарау керек – Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес шараларын қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында коронавирус жұқтырған 20 науқас жансақтау бөлімінде жатыр Қазақстандықтарға шетелде вакцина алуына бола ма «Омикронды» ЖРВИ-дан қалай ажыратуға болады

«Жалғасып жатқан пандемия жағдайындағы дамуға келсек, 1,5 жыл бойы коронавирус прогресті тежеуде. Жаңа штамдар толқыны коронавирустың біздің өмірімізге дендеп енгенін көрсетеді. Біз оған бейімделіп, осындай жағдайда өмір сүруді үйренуіміз керек. Бұл ең алдымен шектеу шаралары мен мемлекет өмірі арасындағы тексерілген сындарлы теңгерімді іздеуді білдіреді. Пандемиямен күрес парадигмасы көз алдымызда өзгеріп жатыр. Қазір де көптеген елдер вирустың таралуын нөлге дейін төмендетуді мақсат етпейтін болды», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, қазіргі өзекті міндет – инфекцияның ірі ошақтарын азайту және денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктемесіне жол бермеу.

«Біз вирусқа қарсы іс-әрекет шараларын түбегейлі қайта қарап, сапалы жаңа стратегия әзірлеуіміз керек. Жаңа штаммдар тіпті вакцина алғандарға да жұғатынына көз жеткіздік. Алайда иммундау жұмыстары ауруды жеңілдетеді және өлім қаупін азайтады. Осыған негізделу керек. Вирус жұқтырғандар бойынша статистикалық деректер шара қабылдау үшін жалғыз негіз болмауы керек. Басты назарды ауыр жағдайлар мен өлім-жітімді азайтуға және күрделі науқастарды емдеуге аудару қажет», - деп түйіндеді Президент.

Бұған дейін Президент антиваксерлердің қауесет, даңғаза әңгімелеріне сенудің қажеті жоқ деген еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT