Коронавируспен күрес: Маңғыстау облысында мұғалімдер түгел екпе алды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында мұғалімдер түгел екпе алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында мұғалімдер мен студенттердің екпе алуы мен білім ордаларындағы қауіпсіздік шаралары талқыланды.

Білім басқармасының басшысы Светлана Түлебаеваның айтуынша, 1 қыркүйекте дәстүрлі форматта сабақты бастап кету үшін мектеп педагогтары мен техникалық персоналды вакцинациядан өткізу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Барлық білім беру мекемелеріне Ashyk жобасы енгізілді.

Бүгінгі таңда, вакцинаға қарсы көрсеткіші жоқ педагогтар мен мектептің кіші қызметкерлері барлығы түгел екпе алған. Сонымен қатар, балабақша, қосымша білім беру мекемелері, колледж қызметкерлерінің 93,5%-ы вирусқа қарсы егілген. Апта соңына дейін қалған қызметкерлер толық вакцинацияланбақ.

Ал Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры Б.Ахметовтың мәліметінше, 2021-2022 оқу жылында студенттердің қауіпсіздігі үшін бірқатар өзгертулер енгізілген. Мәселен, бакалавриаттын 1 курстары, осы жылдың желтоқсан айына дейін онлайн режимде білім алады. Өйткені ережеге сәйкес бірінші курстың 18-ге толмаған студенттері екпе алмайды. Сонымен қатар, бакалавриаттын 2,3,4 курстары, магистратураның 1,2 курсы, докторантуранын 1 курсы оффлайн режимде оқиды. Лекция сабақтары онлайн режимінде өтетін болса, семинар мен лаборатория сабақтары офлайн режимінде болады.

Ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында оқутышылар құрамы мен 18 жастан асқан студенттер екпе алуда. 1-қыркүйектен бастап университетке кіру Ashyk жобасы арқылы жүзеге асады. Тек жасыл белгісі жанған студенттер мен оқытушылар ғана білім ордасына кіре алады.



Соңғы жаңалықтар