Коронавируспен күрес кезінде алаяқтар әлеуметтік желілерде белсенді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус індетінің таралуы кезінде киберқылмыскерлер желі пайдаланушыларына инфекциямен күресуге қайырымдылық жасауды ұсынуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Киберқылмыскерлер де желі пайдаланушыларына инфекциямен күресуге қайырымдылық жасауды ұсынады және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның хаттарын жібереді, сонымен қатар төлем карталарының деректерін алады. Алаяқтар Facebook, Instagram және Telegram сияқты әлеуметтік желілерде алаяқтық боттарды құрып, желі пайдаланушыларымен хат алмасуға кірісіп, олардың сеніміне ие бола отырып, белсенділік танытады», - делінген хабарламады.

Бұл тұрғыда алаяқтар пайдаланушының дербес деректерін біліп алу мақсатында әртүрлі қулыққа барады. Бұл дегеніміз, ЖСН, төлем картасының немесе шоттың деректері, SMS-хабарламаның коды және тіпті электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қамтуға тырысады.

«Өздерінің дербес деректерін, оның ішінде ЭЦҚ-ны ұсына отырып, картадағы немесе шоттағы барлық қаражаттың қолма-қол ақшаға айналуы, сіздің атыңызға күмәнді шарттар ресімделуі, яғни мүліктің қайта ресімделуі немесе бөгде адамдардың сіздің пәтерде тіркелуі қаупі бар», - деп атап өтілген агенттік мәліметінде.

Осы орайда мамандар күдікті интернет-ресурстарда тіркеуден өтудің және белгісіз адамдарға өзінің жеке деректерді берудің қажеті жоқ екенін атап өтуде.

«Бүкіл әлемде белең алып жатқан қаржылық алаяқтықтың кезекті түрі – бұл жалған сауалнамалар және басқа да ақылы тапсырмалары бар алаяқтық сайттар. Халық арасында ақы төленетін сауалнамалар жүргізетін бұл сайттар, шын мәнінде, әлеуметтік жобалар қатысушыларына ақша төлемейді. Мұндай сайттардың схемалары шамамен бірдей. Азаматтарға сайтта тіркеуден өтіп, бірнеше ақылы сауалнамаға жауап беру ұсынылады», - дейді мамандар.


Соңғы жаңалықтар