Коронавируспен күрес: Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қырғызстанға гуманитарлық жүк жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ведомствоның мәліметінше, бұл көмек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен және Үкіметтің 13 қарашадағы № 763 қаулысына сәйкес беріліп отыр.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 23 қарашада Қырғыз Республикасына ауыр жүк көлігімен «Көкшетау-4П» өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 данасын және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 млн медициналық масканы жіберді.
Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы құны - 390 млн теңгеге жуық.
Оның ішінде «Тыныс» АҚ шығарған «Көкшетау-4П» өкпені жасанды желдету аппараттарының құны - 328 млн теңге.
«Dolce pharm» ЖШС және «Mega pharm» ЖШС шығарған медициналық бетперде құны - 61 млн теңге.
- ҚР СІМ басшысы Украина Елшісін қабылдады
- Мұхтар Тілеуберді Түркия Елшісімен екіжақты серіктестік мәселелерін талқылады
- Әбу-Даби қаласында Израиль елшілігі ашылды
- Республикалық маңыздағы бірқатар жолда көлік қозғалысы жанданды
-
Қазақстанның автокөлік нарығы: 2020 жылдың қорытындысы мен биылғы көрсеткіштер
-
Ядролық қаруға тыйым салатын шарт: Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы мәлімдеме жасады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам