Коронавируспен ауырғандардың 90 пайызға жуығы үйінде емделіп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавируспен ауырғандардың 90 пайызға жуығы амбулаторлық ем алып жатыр. Бұл туралы ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Күләйім Біржанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінді таңда алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Фильтр кабинеттерімен қамтылған, санитарлық-дезинфекциялық және эпидемолоиялық режим сақтаулы. Ауырғандардың 90 пайызға жуығы амбулаторлық деңгейде ем алып жатыр», - деді Күләйім Біржанова орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, КВИ жұқтырған науқастарға уақытылы медициналық көмек көрсету үшін алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде 2 387 мобильді бригада ұйымдастырылған.

Оның 1010-і - ауылдық жерлерде. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында бригадалар 815 423 шақыруға барған.

Ең көп шақыру Қарағанды облысында және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында тіркелген.

Жедел медициналық жәрдем көрсету үшін 2 254 медициналық автокөлік, 33 әуе көлігі, оның ішінде 20 ұшақ пен 13 тікұшақ бар.

Сондай-ақ 1 484 жедел медицналық жәрдем бригадасы қызмет көрсетеді.

20 шілдедегі жағдай бойынша жедел жәрдем шақыру 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,4 пайызға артқан.


Соңғы жаңалықтар