USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Коронавируспен ауырғандарды қандай дәрі-дәрмектермен емдеп жатыр

2020 жылғы 6 мамыр 16:30
Бөлісіңіз:
Коронавируспен ауырғандарды қандай дәрі-дәрмектермен емдеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінгі таңда елімізде коронавирусты емдеу үшін «Гидроксихлорохин» дәрісі қолданылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен елдегі коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай, сонымен қатар Қазақстандағы вакциналардың сапасы мен сатып алулары туралы брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 73 науқастың жағдайы өте ауыр

«Бүгінгі таңда Қазақстанда Covid-19-ды емдеу протоколына сәйкес энтеровирусты препараттардан бастап антибиотиктерге дейін бірқатар препарат қолданылады. Олар өз нәтижелілігін көрсетті. Аталған дәрі-дәрмектердің бәрі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымымен алынды. Апта сайын жаңа дәрі-дәрмек қосылып, кейбірі қолданыстан алынып жатады», - дейді ДЗСҰО Бас директоры, Басқарма төрағасы Арнұр Нұртаев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда елімізде коронавирусты емдеу үшін «Гидроксихлорохин» дәрісі қолданылады.

«Бұл препарат ауырып жатқандардың белгілі бір тобына жақсы әсер етуде. Бәрі де оны дұрыс тағайындап, дұрыс мөлшерде қолдануға байланысты», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT