+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Коронавируспен ауырғандарда вирусқа қарсы иммунитет пайда болады - Елжан Біртанов

2020 жылғы 3 сәуір 17:55
Бөлісіңіз:
Коронавируспен ауырғандарда вирусқа қарсы иммунитет пайда болады - Елжан Біртанов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ералы Тоғжанов: КВИ-ден қайтыс болғандарды жасырып қалу мүмкін емес Қазақстан коронавирус жұқтыру бойынша әлемде көш бастап тұр ма Қазақстанда тағы 237 сырқат коронавирустан айықты

«Өте маңызды ақпарат: коронавирус инфекциясымен ауырған адамдардың бойында оған қарсы иммунитет болады. Жаңа инфекция болғандықтан, әзірге бұл иммунитеттің қаншалықты болатынын айта алмаймыз. Ғылыми жинақтағы деректерге сүйенсек, қандай да бір иммундық қайтарым, антиденелер болады. Бекітілген хаттама бойынша, ем-дом соңында науқасқа полимеразды-тізбекті реакция әдісімен екі рет вирусқа тестілеу жүргізіледі және 14 күнге үй карантиніне жіберіледі», - деп жауап берді министр Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сауалына.

Сонымен бірге, министр Қазақстанның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп, аурудың тиімді терапиясын іріктеу бойынша жаһандық медициналық зерттеуге қатыса бастағанын айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT