+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Коронавируспен ауырған науқасты емдеуге қанша қаражат кетеді

2021 жылғы 20 қаңтар 21:01
Бөлісіңіз:
Коронавируспен ауырған науқасты емдеуге қанша қаражат кетеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінің директоры Лаззат Шоманова коронавируспен ауырған адамды емдеуге қанша қаражат кететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өңірлерде иммунопрофилактика бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет – министр Биыл 6 миллионға жуық қазақстандық КВИ-ге қарсы вакцина қабылдайды Коронавирус: Нұр-Сұлтан «сары аймаққа» ауысты

«Коронавируспен ауырған науқасты емдеуға қанша қаражат кететіні аурудың қалай өтіп жатқанына байланысты. Сырқат жеңіл, орташа немесе ауыр жағдайда өтуі мүмкін. Орташа деңгейде ауырып жатқан адамға 400 мың теңгеден астам қаражат кетеді. Ауыр түрде ауырып жатқан адамға 800 мың теңгеден астам қаражат жұмсалады. Бұл сомаға барлық зертханалық және диагностикалық қызметтердің құны, сондай-ақ, науқастың ауруханада алатын емі кіреді», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінің директоры Лаззат Шоманова.

Еске сала кетсек, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Болат Төкежанов өткен жылы коронавирус инфекциясымен күрес шеңберінде іс-шараларды қаржыландыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 187,7 млрд теңге бөлінгенін айтқан болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT