+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Коронавируспен ауырған адамның денсаулығы қанша уақытта қалпына келеді - маман жауабы

2021 жылғы 4 ақпан 18:42
Бөлісіңіз:
Коронавируспен ауырған адамның денсаулығы қанша уақытта қалпына келеді - маман жауабы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы №36 қалалық емхананың пульмонолог-дәрігері, медицина ғылымының кандидаты Дәме Сайланова СOVID-19 инфекциясымен ауырғандардың денсаулығы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте 1311 адам коронавирус індетінен емделіп шықты Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жарияланды Коронавирустың жаңа штамы: Оңтүстік Африка Республикасымен қандай елдер әуе қатынасын шектеді

Маманның айтуынша, Covid-19 ауруымен ауырған пациенттердің денсаулығының жағдайы әртүрлі, аурушаңдықты көтере алуына байланысты.

«Аурудан айыққан адамның денсаулығы бір айдан бір жылға дейінгі аралықта қалпына келеді. Өкпесі зақымданған пациенттерде пневмофибриоз туындауы мүмкін, яғни рентгенге түскен кезде ол тігіс секілді көрінеді. Коронавируспен ауырған пациенттердің кейбіреуінде жалпы әлсіздік, тез шаршап қалу, ашуланшақтық, көңіл күйінің жиі өзгеруі, ұйқысының бұзуылуы, депрессия мазасын алады, мұндай кезде емдеу шарасын жүргізіп организмді бекіту қажет. Ауыр өткен ковид пневмониясынан кейінгі пациенттерді біз, көрсеткіштері бойынша, өкпенің желдетуін жақсарту, мазасыздық пен депрессияның алдын алу, өмір сүруін жақсарту мақсатында оңалту орталықтарына жібереміз», - дейді дәрігер.

Оңалтудың ұзақтылығы 14 күнге дейін созылады. Ол жерде реабилитолог дәрігерлердің бақылауында болады. Депрессия белгісі анықталған пациенттермен психологтар жұмыс істейді. Сондай-ақ, физиотерапевтік емшаралар жүргізіліп, кеуде клеткасына массаж жасалады.

Өкпесі 50-60% зақымданған пациенттердің өкпе клеткасы жарты жылда қалпына келеді.

«Ауыр өткен ковид пневмониясынан кейінгі қалпына келу үрдісі – оңай әрі тез өтетін үрдіс емес. Әр адамда қалпына келу уақыты әртүрлі болады, ол адам ағзасына және созылмалы ауруға байланысты»,-дейді ол.

Маман коронавирус инфекциясымен ауырған адамдарға белсенді қозғалуға, тыныс алу гимнастикасын жасауға, таза ауада жиі серуендеуге, ақуызы бар тамақтарды көп жеуге кеңес берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT