Коронавируспен ауырған 80 қазақстандық өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 14 тамызда коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды. Ондағы мәліметке қарағанда, елімізде 80 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 21 859 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 104 бала бар. Стационарларда 3 738 науқас жатыр. 18 121 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 420 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 103 науқастың жағдайы аса қатты ауыр. 80 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар