Коронавируспен ауырған 400-ге жуық алматылық оңалтудан өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - COVID-19-дан сауыққан 400-ге жуық алматылық медициналық сақтандыру есебінен постковидтік оңалтудан өтті. Бұл туралы Алматы қаласының Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директоры Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, Алматыда 400-ге жуық пациент жалпы 285,4 млн теңгеге коронавирустан кейін емделді.

«Бүгін біз постковидтік оңалту бойынша жеткізушілерді, соның ішінде жеке жеткізушілерді тарту бойынша жұмыс жасаймыз.Атап айтқанда, аймақтық комиссия оңалтудың осы түріне қатысу үшін кезекті конкурс жариялады. Алдын ала мәліметтер бойынша, Алматы қаласында постковидтік оңалту бойынша жеткізушілер тізімі екі субьектіге дейін өсті», - деді ол.

Сонымен қатар, ол консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарға шамамен 8,9 млрд теңге төленгенін атап өтті. Оның ішінде КТ мен МРТ барынша сұранысқа ие.

«Бірінші жартыжылдықта Алматыда 386,6 млн теңгеге 30 468 КТ қызметі, шамамен 400 млн теңгеге 29 789 МРТ қызметі көрсетілді. 767,7 млн теңге сомасында онкологиялық ісіктерді анықтау бойынша 3040 ПЭТ-диагностикасы жүргізілді»,-деді Тілеухан Әбілдаев.

МӘМС жүйесі аясында жоспарлы скринингтік тексерулерден өтуге 508,3 млн бөлінді.


Соңғы жаңалықтар