Коронавируспен ауырған 202 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан 202 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 5 тамыздағы мәлімет бойынша, 107 600 адам коронавирус инфекциясынан (–104 377 + және 3 223 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 29 623 пациент стационарда, 77 977 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

1 832 адамның жағдайы ауыр,

417 пациенттің жағдайы өте ауыр,

202 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Еске сала кетсек, 3 тамыз күні Қазақстан аумағында 125 адам - коронавирустан, тағы 33 адам - пневмониядан қайтыс болған.


Соңғы жаңалықтар