Коронавируспен ауырған 11,2 мың қазақстандық емделіп жүр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25 қарашадағы коронавирус инфекциясымен ауырып, емделіп жатқандарға қатысты ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram парақшасына сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 232 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 672 бала бар. Стационарларда 3 200 науқас жатыр. 8 032 адам амбулаторияда емделіп жүр.
Жалпы науқастардың арасында 203 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 28 науқастың жағдайы өтеу ауыр. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар