Коронавируспен ауырған 1 276 қазақстандықтың жағдайы ауыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавируспен ауырғандар ішінде 1 276 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 13 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 78 512 адам коронавирус инфекциясынан (–70 184 + және 8 328 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 16 345 пациент стационарда жатыр, 62 167 науқас амбулаториялық деңгейде емделіп жүр», делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 276 адамның жағдайы ауыр, 340 пациенттің жағдайы өте ауыр, 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар