+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Коронавирусқа шалдыққан елорда тұрғыны: Дәрігерлер аяғымнан тік тұрғызды

2020 жылғы 11 шілде 21:40
Бөлісіңіз:
Коронавирусқа шалдыққан елорда тұрғыны: Дәрігерлер аяғымнан тік тұрғызды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда ауруханаларында коронавирустан емделіп жатқан науқастар ақ халатты абзал жандарға алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтанда инфекциялық ауруханалардың пациенттері дәрігерлерге алғысын айтты

70 жастағы Сәуле Көпенова осыдан бір апта бұрын ауыр жағдайда ауруханаға түскен.

«Өткен аптаның сенбісінде ауруханаға түстім. Жағдайым ауыр еді. Ал қазір, міне, шыққалы жатырмын. Жағдайым жақсы. Дәрігерлер мен санитарлардың бәріне ана ретінде зор алғысымды айтқым келеді. Туған қыздарымдай күтіп, емдеп жатыр. Тамағы да жақсы», - дейді Сәуле Көпенова.



Ерболат Күребаев та дәрігерлердің жұмысын жоғары бағалады. Ауруханаға алғаш түскен кезде жағдайы нашар болған. 10 күндей емделген.

«Дәрігерлер аяғымнан тік тұрғызды. Медицина қызметкерлеріне көптен көп рахмет», - дейді ол.


Елордада қазіргі уақытта КВИ жұқтырғандардың жартысы емделіп шыққан. Нақтырақ айтқанда ауру жұқтырған 6 477 адамның 3 675-і ем-домын алып, үйіне оралды.

Пандемия басталғалы бері жалпы елордада инфекциялық төсек-орындардың саны 1 мыңнан 4 есе көбейген. Осылайша, стационарлардың саны 14-ке жеткізілді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT