Коронавирусқа шалдыққан дәрігерлер саны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 8 518 дәрігер коронавируске шалдыққан. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Елімізде коронавирус инфекциясы расталған медицина қызметкрелерінің саны 8 518 адамды құрайды. Бүгінгі күні дәрігерлердің арасында өкпе қабынуымен ауырғандар туралы мәлімет жоқ», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Сонымен қатар ол коронавируспен күресте өкпе қабынуына шалдыққан дәрігерлерге бірреттік әлеуметтік төлем берілуі мүмкін екендігін де айтты.
«Егер коронавирустық өкпе қабынуымен күрес барысында ауырып қалған медицина қызметкерлері төлемге өтінім беретін болса, онда біз оларға қолдау көрсетеміз. Аталған медициналық құжаттар жергілікті атқарушы органдар деңгейіндегі комиссияға жіберілетін болады», - деді Ажар Ғиният.
- Коронавирус: Қазақстанға шетелден 345 азамат анықтамасыз келді
- Гонконгте індет тарағалы алғаш рет локдаун енгізілді
- Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 50 адамның жағдайы өте ауыр
- Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
-
Түркияда бір миллионнан астам адам вакцина салдырды
-
Қазақстанда өткен тәулікте 839 адам коронавирустан жазылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам