Коронавирусқа шалдыққан 820 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастардың жағдайы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

17 мамырдағы мәлімет бойынша, елімізде 38 888 адам коронавирус инфекциясынан (38 379 КВИ+ және 509 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 295 пациент стационарда, 24 593 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 820 адамның жағдайы ауыр,

- 185 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 106 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Сондай-ақ министрлік 15 мамыр күні індеттен қайтыс болғандар бойынша ақпаратты ұсынды: - 19 адам КВИ+ және 6 адам КВИ-.


Соңғы жаңалықтар