Коронавирусқа шалдыққан 4 науқастың жағдайы өте ауыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда 1 700-ден астам адам коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 735 адам коронавирус инфекциясынан (– 1569+ және 166-) емделіп жатыр, оның ішінде 121 пациент стационарда, 1 614 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Соңғы жаңалықтар