Jańalyqtar
Коронавирусқа шалдыққан 30 науқастың жағдайы ауыр – министрлік
2020 жылғы 1 желтоқсан 09:00
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 13 444 науқас коронавирустан емделуін жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
1 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 444 адам ем қабылдауын жалғастыруда. Олардың арасында 912 бала бар. Стационарларда 3 586 науқас жатыр. 9 858 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 232 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 30 науқастың халі аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында.
Бүгінге дейін коронавирус инфекциясы барлығы 132 348 адамнан анықталды. Оның ішінде 116 863 науқас жазылып шықты, 1990 адам қайтыс болды.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
- Алматы кәсіпкерлері 25 қаңтарға дейін қызметкерлерін МӘМС жүйесінде сақтандыруы тиіс
- Алексей Цой Мемлекет басшысына елдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндады
- Коронавирусқа шалдыққандардың көбі ауыр жағдайда түсіп жатыр – ақтөбелік дәрігер
-
Рио-де-Жанейро коронавирусқа байланысты карнавалдан бас тартты
-
Нұр-Сұлтанда карантин режимін бұзушыларды анықтау жалғасуда
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER