Коронавирусқа шалдыққан 285 адамның жағдайы ауыр – министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастардың жағдайы туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«15 қаңтардағы мәлімет бойынша, 23 734 адам короновирус инфекциясынан (11 922 КВИ+ және 11 812 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 142 пациент стационарда, 17 592 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», - делінген министрлік ақпаратында.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 285 адамның жағдайы ауыр;

- 76 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


Соңғы жаңалықтар