Jańalyqtar
Коронавирусқа шалдыққан 272 адамның жағдайы ауыр
2021 жылғы 14 қаңтар 09:33
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққан 250-ден астам науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«14 қаңтардағы мәлімет бойынша, 23 608 адам короновирус инфекциясынан (11 759 КВИ+ және 11 849 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 850 пациент стационарда, 17 758 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 272 адамның жағдайы ауыр;
• 55 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 51 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER