Коронавирусқа шалдыққан 251 адамның жағдайы ауыр – министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус жұқтырған 251 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«16 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 280 адам коронавирус инфекциясынан (13 358 КВИ+ және 11 922 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 163 пациент стационарда, 21 117 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандардың арасында: 251 адамның жағдайы ауыр, 38 пациенттің жағдайы өте ауыр, 46 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген ақпаратты.


Соңғы жаңалықтар