Коронавирусқа шалдыққан 229 адамның жағдайы нашар – министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 14 мың адам ем алуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

4 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, елімізде 14 000 адам коронавирустан ем қабылдауын жалғастыруда.

«Олардың арасында 912 бала бар. Стационарларда 3 560 науқас жатыр. 10 440 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 229 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 34 науқастың халі аса қатты ауыр деп бағалануда. 29 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген министрлік ақпаратында.

Айта кетейік, өткен бір тәулікте коронавирус індеті 819 адамнан анықталды, жазылып шықты – 639 науқас. Коронавирус белгілері бар пневмония 225 адамда тіркелді.


Соңғы жаңалықтар