Коронавирусқа шалдыққан 100-ге жуық адамның жағдайы ауыр – министрлік

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа шалдыққан 100-ге жуық адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

11 наурыздағы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус инфекциясынан 11 910 адам (–10 859+ және 1 051 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 1 124 пациент стационарда, 10 786 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:

- 95 адамның жағдайы ауыр,

- 30 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


Соңғы жаңалықтар