+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Коронавирусқа көбіне иммунитеті төмен адамдар шалдығады – сарапшы

2020 жылғы 28 қаңтар 16:11
Бөлісіңіз:
Коронавирусқа көбіне иммунитеті төмен адамдар шалдығады – сарапшы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова жаңа коронавирусты кімдер тез жұқтыруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда 3 сағатта төтенше жағдай режимі 11 рет бұзылған Елордадағы блок-бекетте әскерилердің қызметі қалай жүріп жатыр «Birgemiz» қоғамдық қорының ресми сайты іске қосылды

«Аурудың негізгі белгілері: тыныс алу жолдарының қабынуы, қызудың көтерілуі, жөтел, демігу, дененің ауыруы, диарея. Аталған инфекцияны көбіне ұзақ уақыт тыныс жолдарының созылмалы ауруымен ауырғандар, иммунитеті төмен ересек адамдар жұқтыры мүмкін»,– дейді Айзат Молдақасымова.

Сонымен қатар, ол дерттің алдын алу шаралары туралы да айтты.

«Профилактикалық шаралар қарапайым: қол гигиенасы, бөлмені жиі желдету. Егер сізде катаральды құбылыстар байқалса, онда үйден шықпай дәрігерге жүгінген дұрыс»,– деп түсіндірді ол.

Айзат Молдақасымова адамдар көп жиналатын орындарға бармауға кеңес берді.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Қытайдан Алматыға келгендер дәрігерлердің жіті бақылауында екенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, мамандар алматылықтарға жаппай бетперде сатып алудың қажеті жоқ екенін ескертті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT