USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Коронавирусқа қатысты әлемдегі жағдай

2021 жылғы 1 желтоқсан 05:20
Бөлісіңіз:
Коронавирусқа қатысты әлемдегі жағдай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Германияның болашақ канцлері Олаф Шольц коронавирусқа қарсы міндетті вакцинацияны қолдады. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telеgram-каналында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Балаларда «омикрон» белгісі байқалса, не істеу керек – дәрігер кеңесі Жаңа жылдың басынан бері Алматыда қанша жүкті әйел коронавируспен ауырды Ағзасынан тұмаудың да, коронавирустың да оң нәтижесі анықталған адамдар бар – Айнагүл Қуатбаева

Германияның болашақ канцлері Шольц коронавирусқа қарсы міндетті вакцинацияны қолдады. Бундестагтың мүшесі ретінде Олаф Шольц осындай ұсыныспен келісетінін хабарлады. Германияда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация 2020 жылдың желтоқсан айының соңында басталды. Алғашқы қатарда егде жастағы азаматтар, дәрігерлер және маңызды әлеуметтік кәсіптердің қызметкерлері вакцинаны қабылдады.

Нидерландыда коронавирус инфекциясының омикрон штамы елге анықталған мерзімнен ертерек келгені анықталды. Омикронның алғашқы нұсқасы 19 қарашада алынған. Осы уақытқа дейін Голландияда омикрон штамын жұқтырудың алғашқы жағдайлары 26 қарашада Оңтүстік Африкадан келген 14 жолаушыда анықталған деп есептелген.

Біріккен Араб Әмірлігінде «Спутник Лайт» вакцинасын барлық вакциналарға арналған бустер ретінде қабылдау мақұлданды. Бустерлік вакцина 18 жастан асқан барлық резиденттер үшін қолжетімді болады. Сонымен қатар БАӘ-де вакцинация бағдарламасы аясында қолданылатын кез келген вакцинаның екінші компонентін салғаннан кейінгі алты ай өткен соң екпе ала алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT