+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Коронавирусқа қатысты әлемдегі жағдай

2021 жылғы 8 қыркүйек 00:19
Бөлісіңіз:
Коронавирусқа қатысты әлемдегі жағдай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналға сілтеме жасай отырып әлемдегі коронавирусқа байланысты қалыптасқан ахуалға шолу жасайды.

Ұқсас жаңалықтар
Италияда ковид-сертификаты жоқ тұрғындар жұмысқа жіберілмейді Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 240 миллионнан асты Иранда 46,8 млн адам коронавирус вакцинасының бірінші дозасын алды

Балтық елдерінде COVID-инфекцияларының екі есе өсуі тіркелді. Өткен тәулікте тіркелген деректердің жалпы саны таяу күндегі 672 көрсеткішпен салыстырғанда 1407 жағдайға көбейді. Литвада өткен тәулікте коронавирусты жұқтырудың 705 жаңа жағдайы, Эстонияда — 391, Латвияда-311 жағдай анықталды.

Вьетнам тұрғығы коронавирус инфекциясын таратқаны үшін бес жылға сотталды. 28 жастағы Ле Ван Три биліктің басқа аймақтардан келгендер үшін белгілеген 21 күн оқшаулану тәртібіне мойынсұнбай, ереже бұзды. Нәтижесінде індетті сегіз адамға жұқтырды, олардың біреуі аурудың асқынуынан қайтыс болды.

Чили билігі 6 жастан асқан балаларды Sinovac вакцинасымен егуге рұқсат берді. Қолданыстағы деректер осы жас тобындағы адамдар үшін вакциналау тиімді қорғаныс қалыптасатындығына кепілдік береді, деп атап өтті елдің қоғамдық денсаулық сақтау институты. Сонымен бірге, сарапшылар 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды иммундау үшін препаратты мақұлдау үшін қосымша ақпарат алу керек деп санайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT