+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Коронавирусқа қатысты әлемдегі жағдай

2021 жылғы 5 қыркүйек 02:14
Бөлісіңіз:
Коронавирусқа қатысты әлемдегі жағдай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналға сілтеме жасай отырып әлемдегі коронавирусқа байланысты қалыптасқан ахуалға шолу жасайды.

Ұқсас жаңалықтар
ДДҰ: Әлемде коронавирустан 180 мың медқызметкер көз жұмды Коронавирусқа қатысты әлемдегі жағдай Коронавирус: Украинада қоғамдық көлік тоқтап, оқу орындары жабылды

Түркия 6 қыркүйектен бастап коронавируспен күресудің жаңа шараларын енгізуде. Олардың арасында қалааралық автобустарда, пойыздарда және басқа да қоғамдық көлік түрлерінде вакцинацияланбаған жолаушыларға арналған ПТР-тест анықтамалары туралы талап белгіленген. Бұл ережелер концерттерге, кинотеатрларға және театрларға бару кезінде де қолданылады.


Ұлыбритания билігі келесі аптада 12-15 жастағы жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакцинациялауға кірісуге дайын. Бұл туралы The Daily Telegraph басылымы Англияның Бас санитариялық дәрігері Крис Уиттиге сілтеме жасап хабарлады. Бұл ретте бейінді сараптамалық кеңес әзірге мұндай ұсынымнан бас тартып отыр.


Словакияда «дельта» коронавирус штаммы басымдықпен таралуда. Елде анықталған инфекциялар арасында оның үлесі 99% - дан асады, деп хабарлайды Словакия радиосы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Сарапшылардың айтуынша, елде COVID-19 эпидемиясының үшінші толқыны басталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT