Коронавирусқа қарсы вакцинаны бәрі алу керек- Зәуреш Аманжолова

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының докторы Зәуреш Аманжолова жаппай вакциналаудың рөлі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Алматыда жаппай вакцинация жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

«Алматы қаласында вакцина алудың барлық мүмкіндігі қарастырылған. Мен соған қуаныштымын. Бүгінгі күні тұрғындар қауіпті індетке қарсы вакцинацияның не үшін қажет екенін саналы түрде түсінуі керек. Коронавирустың өте жаман инфекция екені дәлелденді. Ал вакцинация - оған қарсы тұрудың жалғыз жолы. Былтыр пандемия шарықтап тұрған кезде мен орталық қалалық клиникалық ауруханада болдым және өкпенің 90-100% зақымданған пациенттер сауығып шығып жатқанын көрдім. Мен көптеген жағдайларға куә болдым. Ал, өкпесі 40% -ы қабынған кейбір науқастар қайтыс болды. Неге? Өйткені, әр организмнің және иммундық жүйенің өз ерекшелігі бар «, - деді Зәуреш Аманжолова.

Спикердің айтуынша, коронавирус инфекциясын жұқтырмас үшін бәріне вакцина алу керек.

«2020 жылы Мемлекет басшысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне қол қойды. Онда балаларға қажет вакциналарды алу міндеттелді. Бұл туралы көптеген пікірталастар болды. Коронавирусқа қарсы вакцина, әрине, міндетті емес, бірақ оны салдыру керек. Бүгін біз тұрғындарды осыған шақырамыз. Вакцина жасауда біздің қазақстандық биомедицина және биохимия ғалымдарының қосқан үлесін атап өткім келеді. Бұл қазақстандық медицина ғылымы үшін үлкен жетістік деп санаймын және біз мұны мақтан тұтамыз «, - деді спикер.


Соңғы жаңалықтар