13:23, 22 Мамыр 2022 | GMT +6
Коронавирусқа қарсы вакцинаны 9 498 495 адам салдырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 498 495 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналының хабарлауынша,коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 - ші компонентін 9 271 427 адам салдырды.
«Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 135 688 адам, ІІ-ші дозасын 1 014 090 адам салдырды.
Оның ішінде:
І-ші компонентін 844 693 жасөспірім, 39 330 жүкті әйел, 140 004 бала емізетін әйел салдырды.
ІІ-ші компонентін 793 228 жасөспірім, 35 183 жүкті әйел, 128 564 бала емізетін әйел салдырды.