Коронавирусқа қарсы вакцинаны 9 494 927 адам салдырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 494 927 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналының хабарлауынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 - ші компонентін 9 266 403 адам салдырды.

Сондай-ақ «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 123 794 адам, ІІ-ші дозасын 996 207 адам салдырды.

Оның ішінде: І-ші компонентін, 841 433 жасөспірім, 39 155 жүкті әйел, 139 428 бала емізетін әйел салдырды.

ІІ-ші компонентін 786 033 жасөспірім, 34 834 жүкті әйел, 127 226 бала емізетін әйел салдырды.


Соңғы жаңалықтар