Коронавирусқа қарсы вакцина салу тәртібі айқындалады - Болат Төкежанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 инфекцияға қарсы екпе республикалық әрі жергілікті бюджет есебінен жасалады. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21 инфекцияға қарсы халықтың тиісті топтарына белгілі бір жас аралығы кезеңінде жоспарлы екпе саланатынына тоқталған ол, «Республикалық бюджеттен екпенің 17 түрі, ал жергілікті бюджеттен 4 екпе қаржыландырылады. Олардың барлығы ұлттық екпенің күнтізбесіне еніп отыр», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, тұмауға қарсы вакциналау бюджет есебінен азаматтардың жеке санаттары арасында жүргізіледі. Бұл тұрғыда медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрған балалар, сондай-ақ балалар үйлеріндегі жеткіншектер қамтылады. Күнтізбеге енбеген профилактикалық екпелер ерікті болып саналады және ақылы негізде жүргізіледі.

«Коронавирусқа қарсы халықты вакциналау бағытына тоқталсақ, Қазақстан нарығында коронавирус инфекциясына қарсы қауіпсіз әрі тиімді екпе пайда болғаннан кейін, вакциналау бірінші кезекте тәуекел тобындағы адамдарға тегін болады. Атап айтқанда, созылмалы ауруы бар 65 жастан адамдар, медицина қызметкерлері ескеріледі. Менің ойымша, вакциналау тәртібін Үкімет айқындайтын болады», - деді Болат Төкежанов.


Соңғы жаңалықтар