Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар саны 10 миллионнан асты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 10 833 293 адам, 2 - ші компонентін 10 587 956 адам салдырды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, 2022 жылғы 23 қыркүйекте «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 239 546 адам, ІІ-ші дозасын 1 201 529 адам салдырды.

Оның ішінде: І-ші компонентін 874 773 жасөспірім, 41 708 жүкті әйел, 145 490 бала емізетін әйел салдырды.

ІІ-ші компанентін 860 869 жасөспірім, 39 646 жүкті әйел, 142 083 бала емізетін әйел салдырды.


Соңғы жаңалықтар