Коронавирусқа қарсы вакцина Қазақстанның Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавируске қарсы екпе Қазақстанның Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жүйелі есепке алу мақсатында вакцинациялаудың электронды паспорты әзірленді. Вакцинация жүргізу туралы деректер министрліктің орталықтандырылған ақпараттық жүйесінде электронды форматта жүргізіледі», - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында.

Оның айтуынша пациент және медицина қызметкері ақпаратты m-gov мобильді қосымшасындағы веб-қосымшаға енгізе алады. Жүйе жаһандық ақпараттық жүйелермен интеграциялануға қабілетті және вакцинация алған барлық адамдарға талап етілетін жерде ұсыну үшін ақпарат беруге және еркін қозғалуға мүмкіндік береді.

«Коронавирус қарсы екпені Қазақстанның Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілу туралы Үкімет қаулысы әзірленді. Вакцина жүргізу бойынша әдістемелік жоспар әзірленіп, вакцинация жүргізудің жоспары бекітілді», - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін министр вакцина 1 ақпаннан бастап егілетінін және ең алдымен кімдерге салынатынын айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар