Коронавирусқа қарсы вакцина халал ма, харам ба – имам жауабы
«Діни тұрғыдан «Вакцина алған жөн бе?» деген сауал көпшілікті толғандырады. Шариғатта денсаулықтың аманат екені айтылады. Білмеген нәрсені сол саланың мамандарынан сұра деген аят бар. Осы орайда біз вакцинаға қатысты денсаулық сақтау саласы мамандарынан сұраймыз. Олар вакцина алу керек, тіпті маңызды деп отыр. Сондықтан індеттен сақтану үшін екпе алуды біз қолдаймыз. Өз кезегімізде мешіттерде түсіндіру жұмыстарын тұрақты ұйымдастырып тұрамыз. Яғни жамағатты вакцина және ревакцина алуға шақырамыз. Коронавирус індетін жеңеміз десек, екпе алған жөн», - деді Ерболат Жүсіпов.
Сондай-ақ, имам көпшілікті толғандырған вакцина халал ма әлде харам ба дегенге қатысты түсінік берді.
«Жиі қойылатын сұрақ. Діни саладағы пәтуаға жауапты мамандар коронавирусқа қарсы вакцинаны шариғатқа сай адал, рұқсат берілгенін айтты. Жалпы вакцинация науқаны енді басталған кезде жамағат тарапынан сұрақ көп болды. Тұрақты түсіндіру жұмысының нәтижесінде бүгінде адамдардың екпеге қатысты пікірі оң деуге болады», - дейді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай бүгін елордада діни бірлестіктер өкілдері ревакцина жасатты.