Коронавирусқа қарсы вакцина 1,5 жылдан кейін дайын болуы мүмкін

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы алғашқы вакциналар 18 айдан кейін дайын болуы мүмкін, деп мәлім етті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус. Бұл туралы ҚазАқпарат ұйымың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Алғашқы вакцина 18 айдан кейін дайын болуы мүмкін. Сондықтан біз осы вируспен күресу үшін бүгінгі күні қолда бар «қаруды» пайдалана отырып, бәрін жасауымыз керек», - деп келтірілген оның сөзі ұйым сайтында.

ДДҰ басшысы вакциналар мен терапиялық құралдарды әзірлеу маңызды екенін атап өтті. Алайда, бұл зерттеу бағдарламасының бір бөлігін ғана құрайды.

«Оларды әзірлеуге уақыт қажет болады. Бірақ, онымен бір мезгілде, біз қорғансыз емеспіз», - деп атап өтті Тедрос Аданом Гебрейесус.

«Қоғамдық денсаулық сақтаудың инфекциялармен күресе алатын көптеген негізгі шаралары бар», - деп хабарлады ол.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа түріне COVID-19 атауын берді. Сонымен қатар, ДДҰ басшысы әлем елдерін жаңа коронавируспен күресті жандандыруға шақырды. Сондай-ақ ол халықаралық қауымдастықта індеттің алдын алу үшін «мүмкіндіктер терезесі» бар екенін атап өтті.

«Бұл вирус – қоғамның нөмірі бірінші жауы», - деп түйіндеді Гебрейсус.

Өткен тәулікте (11 ақпан күні сағат 24:00-дегі жағдай бойынша) материктік Қытайда коронавирусты жұқтырудың 2015 жаңа жағдайлары (Хубэй провинциясында - 1638), 97-сі (94-і - Хубэйде) мерт болған. Соңғы мәліметтер бойынша, ҚХР -да коронавирус ауруының расталған жағдайларының жалпы саны – 44653, қаза тапқандар – 1113.


Соңғы жаңалықтар