+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинаны сақтау талаптары қандай

2021 жылғы 21 қазан 15:07
Бөлісіңіз:
Коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинаны сақтау талаптары қандай

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев брифинг барысында коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы қандай жағдайда сақталуы керектігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда өткен тәулікте 686 адам коронавирусқа шалдыққан СҚО-да 2 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасын алды Алматыда «Жамбыл жырау» операсының премьерасы өтті

Нариман Табынбаев Алматыдағы барлық 137 егу пунктіне Pfizer вакцинасы жеткізілетінін атап өтті.

«Үкімет бірінші кезеңде вакциналанатын үш басым топты анықтап берді. Қазір қалаға Pfizer препаратын әкелу жоспарда. Сонымен қатар, бұл вакцинаны мектептерге бару арқылы жүргізуге рұқсат етіледі. Айта кетейін, вакцинация ерікті түрде және ата-аналардың келісімімен жүргізіледі», - деді спикер.

Сонымен қатар, ол ведомствода вакцинаны сақтау бойынша нақты нұсқаулар бар екенін тілге тиек етті.

«Pfizer вакцинасы – 60-90 градус температурада сақталуы тиіс. Бұл әзірлеушілердің басты талабы. Ерітілгеннен кейін ампулаларды 2-8 градус температурада сақтауға болады. Препаратты жалпы алғанда 30 күнге дейін суық тізбекті сақтай отырып қолдануға болады, осы уақыт ішінде ол өзінің қасиеттерін сақтайды», - деп толықтырды Нариман Табынбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT