+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Коронавирусқа қарсы күрес: Қазақстандық телеарналар тың жобаларды бастайды

2020 жылғы 9 шілде 17:03
Бөлісіңіз:
Коронавирусқа қарсы күрес: Қазақстандық телеарналар тың жобаларды бастайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты елімізде қатаң карантиндік шаралардың енгізілгені белгілі. Бүгінгі күні республикалық және аймақтық телеарналар арқылы белсенді түрде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирус жұқтырған  25 182  адам ем алып жатыр - ҚР ДСМ Әзербайжанның бірқатар қаласында карантин режимі жеңілдетілді Өткен тәулікте пневмониямен ауырғандар - 1102, 17 адам қайтыс болды

Қазіргі уақытта маңызды ақпараттарды таратуға республикалық телеарналар жұмылдырылған. Коронавирустың таралу проблемасының өзектілігі мен өткірлігін түсіне отырып, «Qazaqstan», «Хабар», «Хабар 24» қатарлы мемлекеттік телеарналар COVID-19 індетімен күресу және оның алдын алу мәселелерін талқылайтын алаңға айналды. Сонымен бірге телеарналардың эфирлерінде сарапшылар сағат сайын халыққа пайдалы мәліметтерді бөлісуде.

Телеарналардың қазіргі бағдарламалары коронавируспен күрес бойынша мәселелерді талқылау бағытына өзгертілген. Нақтырақ айтқанда «Qazaqstan» арнасындағы «Ашық алаң», «Хабар» арнасындағы «Қоғамдық талқылау», «Біздің назарда», «Народный контроль» және «Как боролись с эпидемиями в Казахстане» бағдарламалары, «Еуразия 1-ші арнасындағы» «Доброе утро», «Basty Prime», «Astana TV» арнасындағы «Айтарым бар» бағдарламалары халық үшін үздіксіз маңызды мәліметтерді таратуда.

Ал «Хабар 24» және «Ел Арна» арналарынан осы жылдың наурызынан бастап «Алмазные советы в борьбе с COVID/Мыңжылқы Кеңес» бағдарламаларының 64 сериясы шығып үлгерді. Бағдарламалар қазақ және орыс тілдерінде таралады. Бұл бағдарламаларға әртүрлі бағыттағы 40-қа тарта спикер, оның ішінде Д. Баешева, М. Смағұл, У. Ахмедина, Р. Розенсон, Ж. Бекшин, Л. Қойшиева, Ж. Бекенов сынды мамандар сөз сөйлеген. Пандемия басталғалы бері 50-ге тарта видеоөнім (роликтер, деректі фильмдер мен телеграфикалар) шығарылған. Олар күн сайын елдегі телеарналар арқылы көрсетіліп тұрады.

Ал «Qazaqstan» телеарнасы «Телемедицина» атты жаңа жобаны бастады. Ол аптасына бес рет көрерменге жол тартады. Бағдарлама барысында білікті дәрігерлер коронавируспен күрес жолдарын түсіндіріп, ол кеселдің алдын алу бойынша қажетті кеңесті береді. Бағдарлама барысында кез келген азамат қоңырау шалып, өзін қызықтырған немесе мазалаған сұрақтарға жауап ала алады. Сонымен қатар көрермен мессенджерлер арқылы алдын алу видеоөтінім жіберу арқылы да мамандардың кеңесін тыңдайды. Одан бөлек дәрігерлердің Skype-байланыс арқылы сауалнама алуға болады.

Сонымен бірге «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарында жаңа жобалардың өндірісі басталды. Солардың бірі - әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың жиі кездесетін және танымал сұрақтары мен білікті мамандардың - дәрігерлердің, психологтардың, осы саланың мамандарының жауаптары бар «сұрақ-жауап» форматындағы күнделікті ақпараттық-анықтамалық «Online Doctor» бағдарламасы. Сондай-ақ «COVID-19. Халықаралық сарапшылар мен Алмас Шарман» атты халықаралық ғалымдардың қатысуымен тың бағдарлама басталады. Бағдарламаның жүргізушісі - ғалым, медицина профессоры Алмас Шарман. Ол әріптестерімен коронавирус туралы ең өзекті тақырыпта сөйлеседі. Жобаның қонақтары - АҚШ ауруларды бақылау орталықтарының (CDC) Орталық Азия бөлімінің директоры, философия докторы Даниэль Сингер, Испания Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық мектебінің профессоры Антонио Сантамеро және тағы басқалар. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, өз елдерінде вируспен күрес қалай жүретіні туралы әңгімелесіп, бірқатар кеңес береді.

Бастама коммерциялық телеарналар тарапынан да қолдау тауып отыр. «31 арна» қазақ және орыс тілдерінде өзінің «Короновирус: не істеу керек» деген жобасын іске қосты. «Астана» телеарнасы «COVID-19» жаңа жобасын - ел азаматтарына арналған медициналық телеконсультацияны бастады. Жоба қонақтары - әртүрлі профильдегі дәрігерлер онда көрерменнің сұрақтарына жауап беріп, емдеу және алдын-алу бойынша кеңес береді.

Айта кетсек телеарналардың әлеуметтік желілерінде COVID-19 тақырыбында әртүрлі роликтер мен деректі фильмдер көрсетіледі. Инфекционист-дәрігерлер тікелей эфирде жазылушылармен бірге өзін қызықтырған сұрақтарды қоя алады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT