Коронавирусқа қарсы қолданып жатқан дәрінің 48 пайызы – отандық өнім

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус қарсы қалдонылып жатқан дәрі-дәрмектің 48 пайызы Қазақстанда өндіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай мәлімет берді.

«Үкімет саланы дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асырып жатыр. Бүгінгі таңда қазақстандық өндірушілер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуі бойынша өмірлік маңызды дәрілерге жататын базалық препараттарды шығаруды жолға қойды. Мысалы, коронавирусты емдеу хаттамасына кіретін дәрі-дәрмектердің 48%-ы отандық өнімдер», - деді бірыңғай дистрибьютер басшысы.

Сонымен қатар, Ерхат Есқалиев вакцина егетін шприцтерді де бірыңғай дистрибьютер жеткізетінін еске салды.

«Бірыңғай дистрибьютер вакцинация жүргізу үшін 19,8 млн шприц сатып алды. Оның ішінде компанияның қоймаларына 11,4 млн шприц жеткізілді», - деді компания басшысы.


Соңғы жаңалықтар