+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина клиникалық сынақтың алғашқы сатысынан өтуде

2020 жылғы 25 қыркүйек 17:08
Бөлісіңіз:
Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина клиникалық сынақтың алғашқы сатысынан өтуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе егу науқаны қашан басталады? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Қазіргі таңда әлемдік вакциналардың ішінде жылдамдығы бойынша озық шыққаны – Ресей және Оксфорд екпесі. Өкінішке қарай, Оксфорд вакцинасын сынау барысында адам ағзасына кері әсер ететін бір белгі анықталды. Осының салдарынан оны зерттеу жұмыстары тоқтап қалды. Ресейлік вакцина клиникалық сынақтың үшінші сатысынан өтуде. Оған 10 мыңдаған адам қатысып жатыр. Бұл – екпе процесі емес, клиникалық зерттеу сатысы. Осыны шатастырмау керек», - деді Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазақстандық вакцина да өте жақсы нәтиже көрсетіп отыр.

«Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшыларынан құралған топ Жамбыл облысындағы зертхананы көріп қайтты. Әзірге қазақстандық вакцина клиникалық сынақтың алғашқы фазасынан өтіп жатыр. Алдағы айларда атқаратын қауырт жұмыс көп. Бұл бағыттағы істі жалғастырамыз», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT