Коронавирусқа қарсы екпе салдыру жалғасып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 13 мамырда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 9 491 849, ІІ компонентін 9 260 542 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Соның ішінде «Pfizer» вакцинасының I дозасы 1 109 281, ІІ дозасы 973 295 адамға егілген. Атап айтқанда, І компонентін салдырған жасөспірім – 837 583, жүкті әйел – 38 955, бала емізетін әйел – 138 517.

Ал, ІІ компоненті 776 019 жасөспірім, 34 401 жүкті әйел мен 125 306 бала емізетін анаға салынған.

Айта кетейік, өткен тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды.


Соңғы жаңалықтар