Коронавирусқа қарсы дәрі 2003 жылы жасалған - фейк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазнетте коронавирусты қалай емдейтінін адамдар 2003 жылдан бері біледі, ол кезде патоген пандемия тудырмағанын дәлелдейтін бейнеролик таратылуда. Бұл хабарламаның неге COVID-19-ға қатысы жоқ екенін және аурудың сипатталған емі тиімді емес екенін айтып берейік, деп хабарлайды stopfake.kz.

Коронавирус және оны қалай емдеу туралы хабарлама 2003 жылы шыққан «Вестник ЗОЖ» газетінен оқылады. Ол кезде тараған коронавирустардың бірі – SARS – ауыр жедел респираторлық синдром тудырған.

Ғалымдар ауруды емдеудің тиімді кестесін жасады, тіпті оған қарсы вакцина әзірлей бастады. Кейіннен бұл әзірлемелер COVID-19 қарсы вакциналардың негізіне алынды.
Сол жылдары жасалған және «Вестник ЗОЖ» газетінде сипатталған емдеу схемалары ғалымдарға 2019 жылдың соңында пайда болған SARS-CoV-2 коронавирусын жақсы түсінуге мүмкіндік бергенімен, оны COVID-19 емдеуде толық қолдануға болмайды.
Демек, видеода көрсетілген «Вестник ЗОЖ» газетінде COVID-19 жайлы емес, 2003 жылы тараған SARS коронавирусынан туындаған ауыр жедел респираторлық синдром туралы айтылады. Бұл аурулар әртүрлі және оларды емдеу жолдары да өзгеше, сондықтан 2003 жылғы газеттен алынған ұсынымдарды COVID-19 емдеу үшін қолдану дұрыс емес.


Соңғы жаңалықтар