Коронавирусқа бір тәулікте 42 адам шалдықты – министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастардың жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

15 қарашадағы мәлімет бойынша, коронавирус инфекциясынан 728 адам (коронавирустан (КВИ+) 573 науқас және коронавирус пневмониясынан (КВИ-) 155 адам) емделуде. 89 пациент стационарда жатса, 639-ы амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 8 адамның жағдайы ауыр;

- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Министрлік мәліметінше, өткен бір тәулікте коронавирус тағы 42 адамнан анықталды. Пневмонияға шалдыққандар жоқ.


Соңғы жаңалықтар