+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Коронавирусқа байланысты Хайнаньдағы туристер тексеріледі

2020 жылғы 25 қаңтар 12:52
Бөлісіңіз:
Коронавирусқа байланысты Хайнаньдағы туристер тексеріледі

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат –Коронавирус қоздырғышының тез таралып жатқанына байланысты Ұйғыр автономды ауданы мен Хайнань провинциясында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚХР-дан Алматыға жеткізілгендер карантиннен шығарылды Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны артуда Қытайдан эвакуацияланған 89 студент Нұр-Сұлтандағы ауруханадан шығарылды

Хайнань оңтүстік қытай туристік провинциясының астанасы Хайкоу билігі коронавирус ошағы - Хубэй провинциясынан келген туристерді 14 күндік орталықтандырылған медициналық тексерістен өткізу шаралары басталғанын хабарлады.

Оларға медициналық тексеріс болатын кезде қонақ үйден кетуге тыйым салынды. Шара, бүгін, Бейжің уақытымен 12-де басталды.

25 қаңтардағы жағдай бойынша, аралда жаңа коронавирус жұқтырған 17 адам тіркелді. Жаңа инфекцияға байланысты Шыңжаңда жоғары дәрежелі төтенше жағдай жұмыстары бүгін таңертең басталды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда жаңа коронавирус қоздырған пневмония түрін жұқтырғандар саны 1326-ға жетіп, 41-і өліммен аяқталды.

Қытайда тараған пневмония Тайланд, Еуропа елдері мен АҚШ-та тіркелді. Қазақстан сақтық шарасы ретінде коронавирусты анықтайтын праймерлерді сатып алуды бастады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирустық инфекция тіркелмегенін ресми айтты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT