Коронавирусқа 20-40 жасқа дейінгі жастар жиі шалдығады – дәрігер

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясына 20-40 жасқа дейінгі жастар жиі шалдығады. Бұл туралы Алматының №8 емханасының бас дәрігері Фарида Ағыбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, вирус жұқтырғандардың 37% 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтар.

«Қазір балалардың коронавирусты жеңіл қабылдайтыны анықталды. Бірақ 6-12 айдан кейін көпшілігінде постковидті синдром пайда болады. Ол кез келген органға әсер етеді әрі дерт өте ауыр болады. Сондықтан ата-аналар барынша сақ болуылары тиіс. Көбінесе сырқаттанған балалардың қанында иммуноглобулин М таппайтынымызды ескерген жөн (бұл ковидті көрсетеді). Сонымен қатар, біраз уақыттан кейін денеде қорғаныш денелері (иммуноглобулин G) пайда болады. Олар тасымалданатын коронавирус туралы айтады. Бұл – жұмбақ», - дейді Ф. Ағыбаева.

Дәрігер мәлім еткендей, бір жасқа дейінгі және созылмалы патологиясы бар балалар коронавируспен жиі ауырады. Бұған дейін Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті соңғы екі аптада науқастардың жасына талдау жасалғанын, оған сәйкес жасөспірімдер арасында КВИ инфекциясының үлесі 0,7%-ға және 40-59 жастағы азаматтарда 0,8%-ға өскенін хабарлаған болатын.

Негізінен, коронавирус инфекциясы 20-40 жасқа дейінгі жастарда - 37%, 40-59 жастағы азаматтарда - 25%, 60 жастан асқан адамдарда - 19% және 14 жасқа дейінгі балаларда - 13% кездеседі.

«Көбінесе коронавирус отбасында жұғады, балалар ата-анасынан жұғуы мүмкін. Сондықтан, бүгінде балалардың қоғамдық орындарға баруын шектеуге тырысу керек. Оларды өзіңізбен дүкендерге апармаңыз және олармен қоғамдық көлікпен сирек жүріңіз. Ал қазір ата-аналар үшін коронавирусқа қарсы вакцина алу маңызды. Бұл, балалардың індетті жұқтырмау мүмкіндігін арттырады», - деді Ф. Ағыбаева.

Бас дәрігер бетперде режимін сақтаудың өте маңызды екенін айтты. Мысалы, матадан жасалған бірреттік медициналық маскалар 3 мкм асатын аэрозольдердің 95% ұстауға қабілетті.

«Диаметрі кішірек бөлшектердің тек 5% ғана қорғаныс құрылғысына еніп, тыныс алу жүйесіне ене алады. 4 қабатты матадан немесе тығыз жасанды кенептен жасалған қайта қолданылатын маска іс жүзінде бірреттік бұйымдар сияқты тиімді. Ең алдымен, науқас бетіне ЖҚҚ киюі керек, осылайша аузынан және мұрнынан шыққан физиологиялық сұйықтық бетпердеде қалады», - дейді Ф. Ағыбаева.

Дені сау адам да бетперде тағуы тиіс. Себебі науқас адамнан немесе вирусты тасымалдаушыдан жұқтыруы мүмкін. Бірреттік масканы 2-3 сағат бойы тағуға болады. Қайта қолдануға болатын масканы бірнеше рет тағуға болады. Қолданғаннан кейін оны ұнтақ пен дезинфекциялаушы қосылған ыстық сумен жуып, кептіріп, үтіктеу керек.


Соңғы жаңалықтар