Коронавирус жұқтыру оқиғалары Аустралия мен Жапонияда тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін күндіз Аустралияда коронавирус ауруы бойынша үш оқиға, Жапонияда – бір оқиға тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат әлемдік БАҚ-қа сілтемемен хабарлайды.

Guardian агенттігінің хабарлауынша, 2019-nCoV коронавирусын жұқтыру фактісі Қытайдың Вухан қаласынан Жаңа Оңтүстік Уэльске келген үш адамда расталды. Үшеуі де 43, 45 және 53 жастағы ер адамдар.

Бұған дейін ҚазАқпарат Аустралиядағы алғашқы науқастың Мельбурннан табылғанын хабарлаған еді. 50 жастағы қытайлық азамат жақында ғана 2019-nCoV коронавирусының ошағы Ухан қаласынан келген.

Осылайша, Аустралияда коронавирус жұқтырғандардың саны 4-ке жетті.

Сонымен бірге, Жапонияда коронавирус жұқтырудың үшінші оқиғасы тіркеліп отыр. Елдегі денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, үшінші науқас – жақында ғана Ухан қаласында болған қытайлық турист әйел.

Жапондық БАҚ-тың хабарлауынша, алдыңғы екі оқиға сәрсенбі және жұма күндері тіркелген. Барлық науқастардың Ухан қаласында болғаны анықталды.

Әлем бойынша, коронавирус жұқтырғандар саны 1300-ден асты. Қытайда 41 адам қайтыс болды, олардың 39-ы Ухан қаласы астана болып саналатын Хубэй провинциясының тұрғындары болған.


Соңғы жаңалықтар