Коронавирус жұқтырғаныңыз расталса не істеу керек – мамандар кеңесі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаныңыз расталса не істеу керек? Мұндай жағдайға Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ең алдымен сабыр сақтап, төменде келтірілген кеңестерге құлақ асуға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ең бірінші кезекте үйден шықпаған абзал. Тест қорытындысы бойынша коронавирус жұқтырғаныңыз расталса аумақтық ауруханаға, учаскелік дәрігерге қоңырау шалып, тест нәтижесі туралы хабарлау керек.

Аурухана дәрігері тест нәтижесіне қарай симптомтардың болу-болмауына байланысты медициналық бақылау немесе ауруханаға жатқызу қажеттігін айқындайды. Ауру белгілері жоқ болса пациент үйінде қалып, дәрігердің қашықтан бақылауында болады. Бұл алгоритм қаладағы медициналық ұйымдардың ресурсын тиімді пайдаланып, сізге уақтылы медициналық көмек беруге мүмкіндік береді.

Елордада КВИ-дің таралуына жол бермеу үшін бірқатар шара қабылданып жатыр. Кейінгі аптада ЖРВИ мен пневмания белгісімен жүгінетін адамдардың көбеюіне байланысты қаланың медициналық ұйымдарының базасында 400 төсек орыны жасақталған. Ол орындарда:

- кеуде клеткаларының ағзасы зерттеліп, коронавирус инфекциясы бойынша анализ алынады;

- ауыр дәрежедегі ЖРВИ немесе пневмония анықталған жағдайда науқастар провизорлық стационарға жатқызылып, сонда ем алады.

- КВИ расталған жағдайда олар инфекциялық стационарға ауыстырылады;

- ауруды жеңіл көтеретін және патология белгісі жоқ адамдар «үйдегі стационарға» ауыстырылады. Оларды аумақтық ауруханалардағы дәрігерлер бақылап, емдейді;

Сонымен қатар қаладағы екі көпбейінді стационарда инфаркт, инсульт, қант диабеті, хирургиялық ауруларға және КВИ күдігіне байланысты 100 төсек орын әзірленген. Ал инфекциялық ауруханаларда аяғы ауыр әйелдерге арналған төсек орындар даярланған.


Соңғы жаңалықтар