Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандардың барлығы анықталды - Атырау

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырауда коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандарды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардың бәрі анықталып, қазіргі таңда оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ошақтарда коронавирус инфекциясының алдын алуға және індетке қарсы іс-шаралар, қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді», - деді Атырау облысының тауарламен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бастығы Мейіржан Есімбаев «Хабар 24» арнасында онлайн режімде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек бұған дейін Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов Атырауда коронавирус жұқтырғандардың қайдан келгенін айтып берген еді.


Соңғы жаңалықтар