
2022 жылғы 3 шілде 09:51
Коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 188 жағдай тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 42, Алматы қаласында - 91, Шымкент қаласында – 13,Ақмола облысында – 6, Алматы облысында - 12, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Жамбыл облысында - 8, Батыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 11, Қостанай облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адамнан коронавирус анықталды.
Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 307 172 жетті.
Сонымен қатар 47 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.Сондай-ақ... оқыңыз
TOP